Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы жеке құрамға жаңадан тағайындалған жедел қызмет жөніндегі орынбасарын таныстырды. Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция подполковнигі Ілияс Байжұманұлы Жұмағұлов тағайындалды.
І.Жұмағұлов Ішкі істер органдарында 20 жылдан аса қызмет етеді. Ол ҚР ІІМ Академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын Астана қаласы ІІД "Алматы" ауданының ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілінен бастаған. Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы Полиция департаментінің криминалдық іздестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Астана қаласы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
Полиция полковнигі Мұхтар Аманқұлұлы жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.