Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚЖАРМА АУЫЛЫНДА АЖАРЛЫ ІСТЕР БАР

АҚЖАРМА АУЫЛЫНДА АЖАРЛЫ ІСТЕР БАРҚала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу жергілікті биліктің атқарып отырған жұмысына халықтың әділ бағасын айтуына барынша мүмкіндік берді. Бұл жайында Қоғам-ТВ телеарнасы хабарлады.
2015 жыл біздің қаламыз үшін бірлік пен берекенің, жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктердің жүзеге асқан, жағымды жаңалықтарға толы табысты жыл болды. Солардың ішінде ең маңыздысы өткен жылдың қазан айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірімізге жасаған сапары кезінде аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен қаламызда атқарылып жатқан тың жобалар мен жаңашыл бастамаларымызға Елбасының өзі оң бағасын бергені. Есепті кездесуде Ақжарма ауылдық округінде өткен жылы атқарылған және алда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Мейірім-Қызылорда» қоғамдық қоры құрылған. Қордың ұйымдастыруымен «Жүрек жылуымен» қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл акцияға аймақтағы ұлтжанды азаматтар, 100-ден астам кәсіпкерлер мен мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдері өз үлестерін қосты. Қазіргі таңда мемлекетімізде көптеген бағдарламалар табысты жүзеге асырылып келеді. Бірқатар ауыл азаматтары осындай бағдарламалар аясында еңбек етіп «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 5 ауыл тұрғыны ауылда кәсіпкерлікті дамыту аясында ауылшаруашылықты қаржылай қолдау арқылы мал бордақылау жұмыстарымен айналысуда.
Ақжарма ауылдық округін бұдан әрі қарқынды дамыту, оң өзгерістер мен өрелі істердің ортасы ету бағытындағы жұмыстар тиісті деңгейде жалғасын табатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: