Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық полицейлер 5 млн теңгесін жымқырған алаяқты ұстады

Қызылордалық полицейлер алаяқты ұстады. Ол қала тұрғынына қоңырау шалып, 5 млн теңгесін жымқырған.


️Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.
Оның айтуынша, белгісіз біреу телефон нөміріне хабарласып «Ұлттық Банк қызметкерлеріміз, белгісіз біреулер атыңыздан несие алайын деп жатыр» деп сеніміне кіріп, 5 млн теңге ақшасын аудартып алған. 
Полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. 
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: