Жаңақорған ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында алқа мәжілісі болып өтті.
Жиынға аудан әкімі Руслан Рүстемұлы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлы қатысты.
Жиында сөз алған Бауыржан Дәулетиярұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша Департаментінің оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы болып тағайындалған Тілеп Руслан Ибайдуллаұлын аудан активіне таныстырды.
Р. Тілеп 1988 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысының тумасы. Алматы қаласындағы Әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап облыстық қаржы полициясында маман, кейін бөлім басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.