Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорған кентінің әкімі тағайындалды

Аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 11 шілдедегі N"АСК-130 қаулысымен Жаңақорған кенті әкімі қызметіне Әбдрасіл Ысқақұлы Ибрагимов тағайындалды.


Әбдрасіл Ысқақұлы -  1962 жылдың 18 маусым күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары.
1984 жылы Қазақстан Еңбек Қызыл Ту Ордені Ауыл шаруашылық институтының «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша бітірген. Ғалым - агроном. 
Алғашқы еңбек жолын 1984 - 1988 жылдары Казгипрозем институтында инженер - топырақтанушы болып бастаған. 
1988-1992 жылдары Қызылорда Казгипрозем іздестіру экспидициясында инженер топырақтанушы,
1992 - 1997 жылдары Жаңақорған аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, 
1999 - 2007 жылдары облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Жаңақорған аудандық филиалының бастығы, Жаңақорған ауданы бойынша өкілі, Жаңақорған аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы,
Жаңақорған аудандық жер ресурстарын басқару бөлімінің бастығы,
2007 - 2012 жылдары Жаңақорған кентінің әкімі,
2012 - 2014 жылдары Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары,
2014 - 2018 жылдары «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының
директоры, 2018 жылдан бастап осы күнге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: