Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысты

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Бір адам қайтыс болды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
Арал ауданы «Шымкент-Самара» тас жолының 1260 шақырымында Өзбекстан Республикасынан Латвия мемлекетіне бағыт алған жүк автокөлігі қарама-қарсы бағытта Ақтөбе облысынан келе жатқан екінші жүк автокөлігімен соқтығысып, салдарынан екі автокөліктен өрт шыққан. Оқиға салдарынан Ақтөбе облысынан келе жатқан жүк автокөлігінің жүргізушісі өрт болған автокөлік ішінен шыға алмай, оқиға орнында қайтыс болды.Жол көлік оқиғасының себеп салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.    
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: