Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР ДӘРІПТЕЛДІ

АРАЛДА ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР ДӘРІПТЕЛДІ

 

Қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде отбасы күні атап өтіледі. Осы ретте Арал аудандық Мәдениет орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарымен кездесу кеші болып өтті.
Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішева барша «Мерейлі отбасы» деп танылған жанұяларды құттықтап, арнайы аудан әкімінің алғыс хатымен – Қонаровтар, Қасымовтар және Киікбаевтар отбасын марапаттады.
Мұнан соң, жеңімпаз отбасы мүшелерімен ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы құндылықтары, өзара жарастық пен сыйластық жайлы әңгіме өрбіді. Әр отбасы жайлы жекелей слайдтар көрсетіліп, өнерпаздар кеш қонақтарының құрметіне мерекелік ән-жырын жолдады.
Сонымен қатар, кеш барысында көрермен қауыммен қазақ халқының сал-дәстүріне байланысты ойын ойнатылып, жеңімпаз көрерменге арнайы сыйлық табысталды. Осылайша, отбасы апталығының аясында өткен көңілді кеш мерекелік концертке ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: