Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

 Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты арнайы актив отырысы өтті.


Актив отырысында Қалдарбеков Мұса Оспанұлы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мұса Оспанұлы тәжірибелі маман, жауапты салаларда басшылық қызмет атқарған, әлеуеті жоғары кадр. Ол 1972 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы технологиялық институтын инженер-механик, экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Кентау тігін фабрикасының слесарі ретінде бастап, Алматы қаласындағы «Кереге» кәсіпорнында басшылық қызмет атқарған.
Әр жылдары Алматы қаласының Әуезов, Жетісу және Алатау аудандарының салық комитетінде жауапты қызметтер атқарды.
Салық саласының майталманы ретінде әр жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.
2019-2021 жылдары Қармақшы ауданының әкімі, 2021 жылдан бері Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: