Арал аудандық Мәдениет үйінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішева әлеуметтік сала қызметкерлерін мерекемен құттықтай отырып, олардың әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы орасан зор еңбектерін ерекше атап өтті.
Айта кетейік, қазір аудан бойынша үйден әлеуметтік қызмет көрсету 148 мүмкіндігі шектеулі балаларға 28 әлеуметтік қызметкер, 86 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 14 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Жүріп-тұруы қиын 149 І топ мүгедегіне - 128 жеке көмекші, тіл-құлақ кемістігі бар 33 мүгедекке - 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетіп келеді.
Шара соңында әлеуметтік саланың үздік қызметкерлері арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, салтанатты кеш мерекелік концертпен қорытындыланды.