Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қамыстыбаста сұздың ығысуынан 4 демалыс орнының ғимараттарына зиян келді 

Арал ауданының әкімі С. Сермағамбетов Қамбаш көлінің жағасына барып, қалыптасқан жағдайды көрді.
Наурыз айының 28-нен 29-на қараған түні желдің 15-30 м/с  жылдамдықпен ұйытқып соғуынан Қамбаш көліндегі мұз көтеріліп, жағадан 50 метрге дейін жылжып кетті.
Салдарынан Аққұмшық жағажайындағы жаяу жүргіншілер жолы, жарық бағаналары мен  кәсіпкерлік бағыттағы 4 демалыс нысанының қабырғалары зақымданды. Мұнымен бірге бірнеше демалыс орындарының төбе жабындылары  да ұшқан. 
Атап өту қажет, жағажайдағы кәсіпкерлік нысандардың көпшілігі  тек жазғы  маусымдағы демалысқа лайықтап салынған орындар. 
Аудан әкімімен кездескен бірқатар кәсіпкерлер табиғаттың тосын мінезінен болған жағдайға түсіністікпен қарайтындықтарын білдіріп, алдағы жаз маусымына дайындық  жұмыстарын жүргізетіндіктерін жеткізді. 
Аудан басшысы жауаптыларға тиісті азаматтармен бірлесіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: