Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкіім аймақтық тестілеу орталығы жұмысымен танысты

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығына барып, орталықтың ұлттық біріңғай тест өткізу бағытындағы жұмыстарын көрді. 
Биыл облыста 7007 мың бала мектеп бітірсе, оның 85 пайызы ұлттық сынаққа қатысады. Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы кезеңінде 5992 түлек, екінші кезеңінде 5936 бақ сынайды. Өңірде ҰБТ 4 мамандандырылған тестілеу пунктте өтуде. Олардың бірі осы  «Ustudy» орталығы болса, қалған үшеуі Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында орналасқан. Орталық директоры Гүлнәр Пейісова тестілеу пунктінің негізгі талаптарға сай жабдықталғанын, қазіргі уақытта ҰБТ өткізілетін орындарда санитарлық талаптардың қатаң сақталғандығын жеткізді. Өңір басшысы тестілеу кезінде түлектерге барлық жағдай жасалауын тапсырып, олардың қауіпсіздік шараларын да басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.
- Биылғы түлектер де пандемия жағдайында ұлттық біріңғай тестілеуден өтуде. Сондықтан біз үшін әрбір талапкердің қауіпсіздігі маңызды. Сол үшін санитарлық талаптардың сақталуына аса мән беруіміз керек. Мемлекет тарапынан жастарға қолдау жасалып, мектеп бітірушілерге тестілеуден өтуге екі кезең берілді. Қай кезеңде балы жоғары болса, сол көрсеткіш есепке алынбақ. Бұл көптеген жастың өз мақсатына жетуіне, таңдаған мамандығының иесі атануына сеп болмақ, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: