Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада ірі сауда орындарының жұмысы штаттық кестеге көшірілді


Президент Жарлығынан туындаған заң талаптарына сәйкес, ірі сауда орындарының жұмыстар штаттық кестеге көшірілді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысы Фердауси Қожабергенов мәлімдеді.
Облыс бойынша 2 мың шаршы метрден асатын 35 сауда орындары жұмыс уақыттарын тағы 10.00-18.00 дейін қысқартты. Ал базарлар мен кіші сауда орталықтары жұмыстарын жалғастыра береді. Облыста 300-ге тарта тойханалар мен кафелерге де жұмыс уақыты кешкі 22.00 -ге дейін белгіленіп, 50 адамнан асатын ортаны қалыптастырмау туралы ескертілді. Дегенмен шет мемлекеттерден келетін жүк тасымалдарына шектеу қойылған жоқ. Мұндай шекара өткізу бекеттері санитарлық қатаң шараларды жүргізетін болады"- деді басқарма басшысы.
Бұдан бұрын Қызылордада дәрі-дәрмек пен қорғаныш заттары қоры жеткілікті екені хабарланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: