Соңғы 5 жылда Қызылорда өңірінде наркологиялық есепте тұратын адамдар саны азайып келеді.
Облыстық наркология орталығының бас дәрігері Т.Бектегеннің айтуынша, қазіргі таңда біздің өңірде сондай есепке алынған 1047 адам бар. Оның шамамен 15 пайызға жуығы нашақорлар болып табылады.
Өкінішке орай, есірткіні заңсыз өсіру деректері жылдан-жылға көбейіп барады. Өткен жылы осындай 26 есірткі алқабы анықталған. Оның ішінде Сырдария ауданында 18 оқиға дерегі тіркелген. Шиеліде – 14, Арал, Қармақшы, Жалағашта он-оннан, Жаңақорғанда 6 алқап анықталған.