Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданында қысқы балық аулау турнирі өткізілді

Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының ұйымдастыруымен балық ресурстарына ұқыпты қарау, отандық туризмді дамыту мақсатында "Aral Fish" мұз астынан қысқы балық аулау турнирі өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жұбанов Жәнібек қатысып, жарысты өткізудің тиімді тұстарына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз сөз алып, сайыстың мақсаты мен ережелерін түсіндіріп өтті.
Турнирге Қызылорда, Байқоңыр, Арал қалаларынан барлығы 18 команда құрамында 100-ге жуық әуесқой балық аулаушылар қатысты.
Іс-шара барысында командалық және жекелей сынақ бойынша және «Жарыстың ең жас қатысушысы» «Жарыстың ең тәжірибелі қатысушысы», «Ең жылдам мұз қазушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Cайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен арнайы медальдар табысталды.
Командалық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орынды I орынды «Зенит» командасы жеңіп алды. Жүлделі II орынды «Живцы» командасы иеленсе, III орынға «Рыболовные воиска» командасы ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: