Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АГРОСАЛА МАМАНДАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

АГРОСАЛА МАМАНДАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР АШМ және арасындағы келісім-шартқа сәйкес, 2016 жылдан бастап «Агробіліктілік орталығы» ЖШС құрылды.
Осының нәтижесінде республикамыздың барлық өңірлерінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерге арналған семинарлар өткізілуде.  
Кезекті Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС өткен семинар мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің біліктілігін артыруға бағытталды. 
Айта кету керек, Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мінажадин Өтеев өткен жылдан бастап 500 басқа арналған мал бордақылау кешенін іске қосқан болатын. Бүгінде кешен халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуде. Болашақта  мал басын мыңжарымға жеткізіп, мал сою цехы жанынан арнаулы ыдысқа салынып, бұқтырылған ет, ет филесін, шұжық дайындауды межелеп отыр. Мұнда қазіргі таңда 402 баспақтар мен өгіздер бағымға қойылған. Олар жастары мен зоотехникалық жағдайларына қарай 5 топқа бөлініп, күтіліп, малдардың әрқайсысының тәулігіне 700 грамнан 1 кг дейін салмақ қосуына мүмкіндік жасалуда. 
Семинарда өңірге арнайы келген мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, серіктестіктің бүгінгі жай күйін көрді. Сонымен қатар ветеринар мамандарға өз кеңестерін де ұсынды. Әйтеке би кентінде Наурыз кешенінде ірі қара малын интенсивті бордақылау тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына қатысты Қызылорда облыстық кәсіпкерлік палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Алма Пірманова: «Бүгінгі күні облыс бойынша өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бағытында семинарлар өткізілуде. Өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша 24 семинар, мал шаруашылығы бағыты бойынша облыста барлығы 9 семинар өткізу жоспарланып отыр. Базалық шаруашылық «Сыр маржаны» ЖШС-де бірінші мал шаруашылығы бойынша алғашқы семинарымыз мал бордақылау алаңдары бойынша өткізіліп жатыр. Семинардың негізгі мақсаты ауылшаруашылық тауар өндірушілерге және ауылшаруашылығымен айналысуға қызығушылық танытқан жеке және заңды тұлғаларға түрлі мақсаттағы ақпараттар беру. Сонымен қатар жаңа ғылыми білімін жетілдіру, жаңа технологияларды, жаңа өндірістерді пайдалану жолдарын үйрету болып саналады. Семинарды бүгінгі күні өткізіп отырған «Атамекен» ҰКП, сонымен қатар қазіргі уақытта «Агробіліктілік орталығы» ЖШС жанынан құрылған fermers.kz сайты толық қанды жұмыс істеп тұр және Колл-Центр 88000808010 нөмірі жұмыс жасап, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге өздерінің қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береді»,-деді.  
Семинар барысында тақырыпқа сай лекция оқылып, қатысушыларға кеңестер берілді. Сондай-ақ әрбір қатысушы өз сауалдарын жолдап, арнайы анкета да толтырды.
«Атамекен» ҰКП лекторы Жұлдыз Құрманбекова: «Негізгі мақсатымыз ауылшаруашылығын үлкейтіп, көркейту, халықты біліммен қамтамасыз ету. Сол сияқты бүгінгі тақырыбымыз өтіп жатқан ірі қара малының төлін бордақылау. «Сыр маржаны» ЖШС-де тәжірибелік жұмыстарымыз өткізілді. Ол жерде бүкіл мәліметтермен танысып, бордақылау алаңдарын көрдік. Семинарға қатысушылар әрбір процестесті өз көздерімен көрді. Ендігі көрген заттарын теориялық түрде дамытатын боламыз. Семинардың соңында әрбір қатысушыға білімін жетілдіргенін дәлелдейтін сертификаттар табыстаймыз»,-деді. 
Айта кету керек, семинарларға қатысу тегін. Бүгінгі күнге дейін жалпы жоспарланған шараның 60  пайызы, яғни 22 семинар өткізіліп болды. 
Семинарларда отандық және  шетелдік сарапшылар  теориялық және практикалық дәрістер жүргізеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: