ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қала әкімінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі №231 өкімімен Рахматуллаев Елмұрат Нұрмаханбетұлы қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Елмұрат Нұрмаханбетұлы еңбек жолын 2006-2009 жылдары «Құмкөл Техникалық Тасымалдау басқармасы (КУТТ)» ЖШС заңгер қызметінен бастаған.2010-2011 жылдары «Құмкөл Сервис» ЖШС заңгер; 2015 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып келді.