Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстандағы барлық әуе тасымалымен айналысатын ұйымдар тексеріледі


Мемлекет басшысы алдағы уақытта барлық әуе тасымалдаушы ұйымдарының қызметін тексеруге бұйрық берді, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Ішкі істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы кеңес барысында ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтау, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: