Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өркендеу тіректі елді мекенге айналады

Өркендеу тіректі елді мекенге айналадыҚазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі бойынша аттқарылған жұмыстар аз емес.
Жыл көлемінде тұрмысы төмен 11 отбасының 32 баласына балалар жәрдемақысы төленген.Жыл ішінде 11 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 42 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 12 адам маусымдық жұмысқа тартылды. 4 жас маман жастар тәжірибесінен өтті. 
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алуға тіркелген 7 адамның біреуі несие алды.«Құлан» бағдарламасы арқылы несие алу үшін «Ерасыл» шаруа қожалығы құжаттарын аграрлық коорпорация серіктестігіне тапсырған.
 «Арал-Сарбұлақ»топтық су құбыры арқылы таза су кедергісіз беріліп тұр. Электр жарығы тәулік бойы үзіліссіз беріледі. Құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шараларучаскелік полициямен бірлесіп жүргізілген. 20 адамнан тұратын қоғамдық кеңес құрылған және округ әкімдігі жанында медиаторлар жұмыс жасайды. 
 Биылғы жылы да «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, «Бизнестің жол картасы-2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық»  және «Дипломмен ауылға» бағдарламаларын ауылдық округ көлемінде қол жетімділігін  дамытуға үлес қосу, «Жастар саясаты» бағдарламасы негізінде өскелең ұрпаққа рухани –имандылық, адамгершілік, діни салауатты өмір салтын қалыптастыруға жұмыстар жүргізілмек.Сонымен қатар аудан әкімі БахытЖахановбұл ауылдың биыл «Тіректі елді мекенге» айналатындығын сөзге тиек етті. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: