Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Cу тоспасы 60 мың гектар жерді игеруге мүмкіндік береді

Шиелі ауданында үрлемелі су тоспасы пайдалануға берілді. Бұл Қызылорда облысында салынған екінші үрлемелі су тоспасы. Алғашқысы екі жыл бұрын Жаңақорған ауданында пайдалануға берілсе, енді Шиелі ауданында салынып отыр.

Cу тоспасы 60 мың гектар жерді игеруге мүмкіндік береді

 

Осы екі үрлемелі су тоспасы арқылы оңтүстік аудандардағы бос жатқан 60 мың гектар жерді ауыл шаруашылық мақсатында игеруге мүмкіндік береді. Тоспаны іске қосу шарасына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қатысты.
Бұрын су тапшы жылдары Шардара су қоймасынан және Көксарай су реттегішінен келетін судың мөлшері 600-750 м3/с болатын. Мамандар енді үрлемелі бөгеттердің арқасында 450-500 м3/с құрайтындығын айтып отыр. Бұл дегеніміз, жылына 1 млрд. м3 су көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген суды жайылымдарды суландыруға, аймақтың экологиялық жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді. 
– Бүгін Сыр елі үшін қуанышты жағдай. Өйткені біз үшін маңызы жоғары су мәселесі шешімін тауып отыр. Әсересе, оңтүстік аудандар жаз айларында су тапшылығын сезінетін. Енді шаруалар қосымша тағы 60 мың гектар жерді егістік пен жайылымдыққа пайдалануға болады. Бұл жүздеген отбасын асырауға мүмкіндік туады деген сөз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Айта кетейік, бұл жоба ТМД мемлекеттерінде теңдесі жоқ жоба. Әрі бағасы да өзге бөгеттерге қарағанда бірнеше есе арзан. 
– 2020 жылға дейін су ресурстарына қатысты жобаларды қаржыландыруға республикада 600 млрд. теңге қарастырылды. Соның 100 млрд. теңгесі Қызылорда облысында 172 жобаны жүзеге асырылуға жұмсалады. Сыр өңірі үшін судың маңыздылығын осыдан аңғару қиын емес, - деді комитет төрағасы И.Әбішев.
Бұл үрлемелі су тоспасының жобалық құны 1,5 млрд. теңгені құраған. Алайда, «Қазсушар» РМК инвестицияларын тарту есебінен салынған нысанның нақты құны 800 млн. теңге жұмсалды. Үнемделген қаржыға жергілікті мамандарға жаңадан техника алынып берілді. Тағы бір ерекшелігі, құрылыс жұмыстары 7 айда аяқталды. Жобаға сәйкес жазғы уақытта және қысқы уақыттағы – суық күндері каналдарда судың келу есебімен үрлемелі бөгетті салу 3 жыл бойына созылуы қажет. Мәселені тез арада шешу үшін комитеттің мамандары бағандарды вибробалғамен соғу технологиясымен жасап, келген суды сорғымен шығарды және нысанды салды.
Шара барысында құрылыс жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтар облыстың «Құрмет» грамотасымен, «Алғыс хатымен» және ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мұнан соң Жаңақорған ауданындағы Түгіскен елді мекеннің қайта жаңғыртудан өткен ауыз су жүйлерінің жұмысымен танысты. Бұл жұмыстар «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде жүзеге асты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: