«Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көрген «Орда Инвест» кәсіпкерлік нысаны да 2019 жылы 8,3 млн теңге несие алып, қала орталығында өз кәсіпкерін жөңгелетіп келеді.
Бұл кәсіпкерлік нысан құрылысқа қажетті әк және пескоблок өнімдерін шығаруда.
«Орда Инвест» ЖК басшысының орынбасары Азамат Жанақұловтың айтуынша, цехта күніне 4 тонна әк, 1000-1100 дана пескоблок өндіріледі. Кәсіпкерлік нысан бүгінде 13 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Пескоблок өніміне шикізат Шиелі ауданында әкелінеді. Алдағы уақытта әк өнімін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар пескоблок өнімін шығаратын тағы 2 құрылғы сатып алу жоспарда бар», – дейді Азамат Жанақұлов.