Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың 8 айында облыс бойынша 8828 (7293) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оның 4301 (4098) немесе 48,7 (56,1) % ұрлық қылмыстары құрап, олар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 203-ке немесе 5 % өскен.
Бұл қылмыстың түрі Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласында өскен.
Бұл санаттағы қылмыстардың негізгі объектісіне келетін болсақ, олар түрт түлік мал, ұялы телефон, пәтер және қалта ұрлықтары. Бұл меншік түрлері басқа меншік түрлеріне қарағанда жиі ұрланады (тоналады) және қылмыстық ортада кең таралған.
Яғни, ағымдағы жылы тіркелген 4301 ұрлық қылмысының 546 мал ұрлығы, 850 ұялы телефон, 681 пәтер ұрлығы, 153 қалта ұрлығы және 2071 өзге де ұрлық қылмыс түрлері құраған.
Талдаумен қамтылған мерзімде аталған санаттағы қылмыстардың 654-і ер адаммен, 82-і әйел және 47-сі кәмелетке толмағандармен жасалған. Сонымен бірге, осы мерзімде 42 бұрын сотталғандар, 435 жұмыссыздар, 21 жұмыс істейтіндер, 32 білім беру ұйымдарында оқитындар қылмыс жасаса, оның 89 қылмыс жасау барысында алкогольді еліту жағдайында болған.
Ұрлық қылмысына басым көпшілігі 18 бен 40 жас аралығындағылармен жол берілген. Қылмыс жасауға бейімділігі, жұмыс істеу ниетінсіз, қылмыс жасау арқылы пайда табу, жұмыссыздық, араласатын орта, күн көріс көзі, пайда табу мақсатында, бөтен адамның мүлкіне қызығу және ішімдік пен есіркілік еліту жағдайы мен т.б себеп болған.