Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Балаларын бақылаусыз қалдырған ата-аналар жазаға тартылды

Балаларын бақылаусыз қалдырған ата-аналар жазаға тартылдыҚызылорда облысы көлемінде үш айдың қорытындысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127- бабымен ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін  тиісті шаралар көрілді. 
"Атап айтқанда, осындай салғырттыққа жол берген 26 ата-ана, 132-бабымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 13 ата-ана, 133-бабымен 18 жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы бойынша 6 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды" дейді 
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы ювеналды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ж.Асылбаев.
 Қылмыстық кодекстің 140-бабының 1-бөлігімен кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 3 адам сот үкімімен кінәлі деп танылып, бір дерек бойынша сотталушының анасына қатысты 60 (алпыс) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы белгіленсе, 2-дерек бойынша сотталушылардың аналарына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 49550 (қырық тоғыз мың бес жүз елу) теңге көлемінде, әрқайсысына  айыппұл жазасы белгіленген. Бұл біздің аймақта әлі де ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы заңдар бұзылуын көрсетеді. Пікірімді қорытындылай келе, Заңды білмеу – заңның талабын орындау міндетінен босатпайтынын еске салғым келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: