Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Балаларын бақылаусыз қалдырған әйел алимент төлейді

 Балаларын бақылаусыз қалдырған әйел алимент төлейдіТалапкер Қызылорда қалалық білім бөлімінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының өкілі сотқа жүгінді. Оның айтуынша,  жауапкер Р.-ны ішкілікке салынып балаларын жетімдер үйіне тастап кеткен, бас панасының жоқ. Балаларының тәрбиесімен айналыспайды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлгі әйел пәтер жалдап азаматтық некеде тұратыды. Осыған байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының өкілі жауапкерді  ата-аналық құқығынан шектеу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.
Жауапкер азаматша Р. өзінің тұрғылықты жері бойынша көршілері жақсы мінездеме берген жоқ. Сондықтан ол  балалардың тәрбиесімен, оқу үлгерімімен мүлдем айналыспайды.  Аталған мәселелермен жүгінген талапкер талап арызы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен  қанағаттандырылды. Жауапкерді аналық құқығынан шектеп, балаларға қатысты алимент өндірілді.  Шешім заңды күшіне енген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: