Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жыл басынан бері өрт оқиғасынан 9 адам қаза болды

Қызылорда облысында жыл басынан бері өрт оқиғасынан 9 адам қаза болды. Жарақат алғандар саны – 9 адам.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бақтияр Тұрманов айтып өтті. 
«2021 жылғы 3 айда облыс бойынша 99 өрт оқиғасы орын алды.Өрт оқиғасынан 9 адам қаза болды, жарақат алғандар саны 9 адам. Наурыз мейрамын тойлау кезінде облыста 6 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың барлығы тұрғын үй секторында орын алған. Өрт кезінде тұрғындардың қаза болу, жарақат алу, күйік алу дерегі тіркелген жоқ», – деді Б.Тұрманов.
Өрт оқиғаларының жиі орын алуына әсер ететін факторлардың бірі – тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы. Өрттің пайда болуына ашық отты пайдаланудан, электр желілерінің және қондырғылардың қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің ақаулығынан, тұрмыстық газ қондырғыларының және газ баллондардың ақаулығынан, балалардың отпен ойнауына себеп болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: