Бүгін Жаңақорған кентіндегі орталық автовокзал аумағында Ұлыстың Ұлы күніне орай ауылшаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде ауданға қарасты ауылдық округтерден келген өнімдер қойылды. Ауылшаруашылық өнімдері нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан бағада ұсынылған жәрмеңкеде кісі қарасы көп болды. Жәрмеңкені аудан басшысы Руслан Рүстемұлы аралап көрді. Халық күнделікті тұтынатын азық- түлік өнімдері бағасының қолжетімді екенін көрген аудан басшысы мұндай жәрмеңкелердің алдағы уақытта өз жалғасын табатынын жеткізді. Жәрмеңке түс ауғанша сағат 4-ке дейін созылды.