Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 26 сәуірде 38 нәресте дүниеге келді

Қызылордада 26 сәуірде 38 нәресте дүниеге келдіСаяси науқан күні Қызылорда облысында 38 сәби дүниеге келді. Оның 23-і қыз, 15-і ұл. Бұл күні перзентханадағы аналардың барлығы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
Қызылорда қалалық перзентханада тұңғыш сәбиін босанған Фариза Ермекбаева ұлының есімін Нұрсұлтан қойды. Дәрігерлер 3,190 келі болып туылған сәбидің жағдайы жақсы екенін айтып отыр. 
– Осындай маңызы жоғары күні тұңғышымды дүниеге әкелдім. Өте қуаныштымын. Баламның болашағы жарқын болуы үшін таңдауымды жасап, дауыс бердім. Туған-туыстарымызбен ақылдасып, баламыз Елбасындай ел сыйлайтын азамат болсын деген ниетпен есімін Нұрсұлтан қойдық, - дейді жас ана Фариза Ермекбаева.
Ал Сырдария ауданында туылған сәбиге Сайлаугүл есімі қойылды. Барлық перзентханада сайлау күні босанған аналарға сый-сыяпат жасалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: