Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында резервтік мазут отынның қалдығы 4687 тоннаны құрап отыр. Оған қоса жылу жүйелеріне бекітілген кестеге сәйкес жаз айларында жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда барлық мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмысы жасалуда. Осы кезде жылу желілерінің 1,9 шақырымы жаңғыртылды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде оның тозығы жеткені кеміп, апаттық жағдайлар азая түспек. Сондай-ақ, қаладағы 10 мыңға жуық тұтынушы сапалы әрі тұрақты жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Оның құрамына «Шұғыла», «Южный», «Универсам» мөлтек аудандары, Титов қыстағы мен Шанхай кіреді.