Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралдың солтүстiк бөлiгi бұрынғы арнасына оралады

Аралдың солтүстiк бөлiгi бұрынғы арнасына ораладыОблыс әкімі Қырымбек Көшербаев станада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Аралдың солтүстiк бөлiгi суға толып келедi және жақында бұрынғы деңгейiне жетедi деп күтiліп отырғанын жеткізді.
"Теңiз 74 шақырымға шегiнген болатын, жақында ғана мен үстiнен ұшып өттiм және GPS бойынша теңiз өзiнiң бұрынғы қалпына жету үшiн небәрi 17 шақырым ғана қалыпты. Балқаш пен Қапшағай көлдерiне кетiп қалған Арал балықшыларының барлығы қайтып оралды. Арал маңында 8 балық өңдеу зауыты ашылды. Қазiр балық аулау көлемi 6 мың тоннаға жетiптi. Бiзде балықтың тек 1 түрi қалған болатын, бүгiнде 27 балық түрi бар. Теңiз суының тұздылығы 21 грамм болған, қазiр бiр литр суда 17 грамм тұз бар. Бiз Иордания мен Израильдiң түйiскен жерiнде орналасан Өлi теңiз сияқты теңiзiмiздi жойып алар едiк. Көршілес жатқан мемлекеттер бұл жобаға атсалыспай келедi, ақша бөлмеуде. Аралдың шығысы НАСА мамандарының айтуынша, толығымен суалып бiттi.
Фильтромелиорациямен айналысып, 56 мың гектар жерге сексеуiл отырғыздық, қазiр ол жерден шаң көтерiлмейдi. Әлем қауымдастығы Қазақстан мен оның Көшбасшысының табиғатқа қосқан үлесiн бағалай алады ма, оны уақыт көрсетедi", - деп атап өттi Қ. Көшербаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: