Шиелі АІІБ-нің оперативтік қызметкерлерімен жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті С.Д-ның жолын кесті.
Ол 2000 теңгеге бір дана сіріңке қорабына салынған жасыл түсті ерекше иісі бар есірткі заты кептірілген марихуананы Б.-ға өткізу мақсатында заңсыз сатып тұрған жерінде ұсталған. Шиелі аудандық сотының тергеу судьясының қаулысымен Шиелі АІІБ-ның тергеушісінің, аудандық сотқа Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған деп күдіктелген С.Д.-қа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш хаты қанағаттандырылды.