Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінің тұрғыны ЖК Алпысбайұлы Бауыржан 2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағытына қатысуға ниет білдірді.
Сол жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсетуге 2,0 млн теңге шағын несиеге қол жеткізді. Бизнес жоспарына сәйкес көлік жуу және жөндеуге құрал жабдықтар алып, қазіргі таңда 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.