Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЛАБАҚША МАМАНДАРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ


Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Сыр еркесі» мемлекеттік балабақшасында «Балалардың еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында №4 аймақ әдістемелік бірлестігіне қарасты семинар өткізілді.
2012 жылы ашылған «Сыр еркесі» балабақшасы бүгінде 240 сәбиге тәлім-тәрбие беріп келеді. Бұл шара балалардың коммуникативтік тілдік, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған шараға №4 аймақтық әдістемелік бірлестікке қарасты мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың әдіскерлері және тәрбиешілері қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: