Қызылорда қаласындағы С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің өндірістік оқыту шебері Әділет Жүсіпов студенттермен бірге телефон арқылы басқарылатын ақылды үй жобасының тиімділігін сөз етті.
Жобаға жігіттер "Smart Home" деп атау берген. Басты ерекшелігі электр энергиясын смарт арқылы басқаруды, төтенше жағдайларда үй иесіне смарт арқылы хабарлама жібере алады.
- Қызмет бабымен басқа қалаға кетіп қалсаңыз, үйіңізге сырт адамның бейнесі сіздің телефоныңызға бейнекамера арқылы түседі. Ол үй ішіне кіріп, камераны өшіріп тастаған жағдайда да барлық әрекеттер сіздің телефоныңызға сақталады. Тағы бір жақсы тұсы, үйдің қауіпсіздігіне симулятор арқылы сіздің көлеңкеңізді сырт адам көріп, үйде бар деп ойлай алады. Яғни, бұл қауіпсіздік үшін аса қажет. Бағдарламаның нарықтағы құны 800 мың теңге. Біз өзіміздің идеямыз арқылы құрылғыны 100 мың теңгеге жасап шығардық,- дейді Әділет Жүсіпов.