Қызылордалықтар үшін жаңа бір сауда желісі ашылды. «Арай Сити молл» жаңа ойын-сауық сауда желісі белгілі брендтермен мен сауда нүктелерінің басын біріктірмек.
30 мың шаршы метрді құрайтын кешенде уақыт өте келе белгілі тауар брендттері бар «LC WAIKIKI», «FLO», «KARI», «Sport master» сынды сауда дүкендері қызылордалық тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Ойын-сауық орталығы Қызылордада бұрын-сонды болмаған «Кинопарктің» ашылуымен есте қалмақ. Әртүрлі жанрдағы жаңа кинотуындылар қызылордалықтарды ерекше әсерге бөлейді.
Балаларға да арнайы алаң қаралған. Бэбилон ойын алаңы мен «Фудкорд» тағам өнімдерінің желісі де жексенбілік демалысты ғана емес, кешкілі уақыттың тиімді өтуіне жағдай жасамақ.
«Арай Сити молл» сауда желісінің ашылуына келген халықта есеп жоқ. Тәулік бойы демалыссыз қызмет ететін сауда нүктесінде 322 адам қызмет етеді. 20 мыңға жуық тауар түрлері ең қолжетімді бағада ұсынылып жатыр. Ашылу салтанатына жиылған халықтың ұзын-сонар кезегі бағалар нарығында жеңілдіктің барын байқатады.
«Магнум» супермаркеті өз өнімдерін де саудалаудың жолын қарастырған. Өз наубайханасы арқылы түрлі тәтті нан өнімдерінің 50-ге жуық түрін ұсынатын мүмкіндігі бар.
Қаланың сауда нысандарында өз орнын алатынын «Арай Сити молл» сауда желісі ірі бизнес орталыққа айналғалы тұр. Халыққа қызмет көрсету, жайлы атмосфера сақталған сауда орны қала халқының азық-түлік, киім-кешек, ойын-сауық сынды қажеттіліктеріне қызмет етеді.
Айта кету керек, алғашқы ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, қызылордалықтарды жаңа нысанның бой көтеруімен құттықттады.