Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда қаптама кірпіш өндіріледі


Арал ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында индустриялық аймақ құрылған. Бұл мақсатта Арал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінен 10 гектар жер телімі бөлінген.
Аталған индустриялық аймақта жүзеге асырылған келесі жобаның атауы – «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы. Оның құны – 131,5 млн теңге. Мұны «Жаңа Арал» ЖШС қолға алған. Жоба бастамашысы Мейрамбек Жұмашевқа өндірістік аймақтан 4 гектар жер телімі бөлінген еді.
Кәсіпорын 2017 жылдың тамыз айында іске қосылды. Жергілікті тұрғындардан 20 адам жұмыспен қамтылған. Нақты кезеңде кәсіпорын қаптама кірпіш шығарып, еліміздің өзге аймақтарына жөнелтуде. Бұдан бөлек, кәсіпкер ас тұзынан техникалық тұз өңдеп шығаруда. Сондай-ақ, «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бастысы, бұл жобалар жаңа жұмыс орнын ашуға сеп болмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: