Жаңақорғанда қатты желден ғимараттар шатыры ұшып кетті
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында ауа райының қолайыздығынан 5 ғимарат пен екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры құлады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 24 сәуірде Жаңақорған ауданы аумағында жылдамдығы секундына 15 метрді құрайтын қатты жел соққан. Салдарынан 5 ғимарат пен екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры құлаған.
«Шатырына зиян келген ғимараттар қатарында №51 орта мектеп, аудандық ветеринариялық зертханасы, аудандық әкімдігі, аудандық қаржы бөлімі және агралық-техникалық колледжі бар. Оған қоса Алтынсарин көшесіндегі 2-қабатты көп пәтерлі тұрғын үй шатырына зиян келді», - деп жазылған департамент таратқан хабарламада.
Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан аза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұған байланысты комиссия жұмыс жасауда. Оқиға орнына Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен 2 қызметкер 1 техникамен болды.
Сондай-ақ, қатты жел мен жаңбыр ауданның электр жүйесіне де әсер еткен. Жаңақорған кенті мен бірқатар ауылдарда оған байланысты авариялық жағдай тіркелген.
Аудан әкімдігі ақауды қалпына келтіру бағытында «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ Жаңақорған аудандық торабы арқылы мамандандырылған 3 жасақталған. Сағат 21.00 шамасында ауданда электр қуаты қалпына келтірілген.