Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ АРЗАН БАҒАМЕН АЛАДЫ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ АРЗАН БАҒАМЕН АЛАДЫҚызылордалық көпбалалы отбасылар азық-түлік бағаларын жарты бағаға ала алады.
Бұл туралы бүгін облыстық жедел штаб отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. Осы айдан бастап Сырдария ауданының орталығында Тереңөзек кентінің тұрғындары әлеуметтік дүкендерден азық-түлікті 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Пірімов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары туралы баяндама жасады. Жалпы облыста баға бір қалыпты және азық-түлік қоры жеткілікті,
Әлеуметтік дүкендердің жұмысы туралы Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев айтып берді. Мәселен, көп балалы 123 отбасы (барлығы 544 адам) нарық бағасынан 30 пайыз жеңілдікте азық-түлік сатып ала алса, 7 баладан көп отбасы 50 пайыз жеңілдік көрсетіледі. Сырдария ауданының әкімінің айтуынша, көп балалы отбасылардың тізімі жасалыпты. Қазір ауданда дәл осындай тағы бір дүкен ашу бағытында жұмыс жасалып жатыр. Аймақ басшысы өзге аудандарға Сырдариядан үлгі алу қажеттігін ескертті.
– Сырдария ауданы жақсы бастаманы қолға алып отыр. Дәл осындай дүкендерді барлық ауданда ашу қажет. Әсіресе, облыс орталығына қажет, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: