Қызылордада жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті көпірі салынды.
Мемлекеттік қазынадан көпір құрылысына 44 млн теңге бөлінді. Жерүсті көпірі Абай даңғылындағы кептелісті азайтпақ.
«Бір жерүсті көпірі Абай даңғылында ашылды, «Жайна» жабық базарының маңында Қазыбек би көшесі арқылы тағы бір көпір салынып жатыр, - дейді Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. – Сондай-ақ қалалық мемлекеттік рәміздер алаңын Тұңғыш Президент саябағына ауыстыру жоспарда бар, қазір бұл үшін ЖСҚ дайындалуда. Саябақтағы алаңда іс-шаралар өткізу қолайлы болмақ».
Тағы бір жаңалықтың бірі – Қорқыт ата әуежайының маңында «Қызылорда» панносын орнату. Ал облыстық ХҚКО-да жаңа «Мұнайшы» шағын ауданы құрыла бастайды.