Жауынгерді балағаттағаны үшін әскери қызметкер жазаланды
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының көшпелі ашық сот отырысы өтті. Онда құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық Ұланының №5547 әскери бөлімінің әскери қызметкері кіші сержант К.-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, көшпелі сот отырысында құқық бұзушы К. №5547 әскери бөлімінің ауласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық Ұланның №5547 әскери бөлімінің әскери қызметкері жауынгер А-ға былапыт сөйлеп, қорлап, яғни әскери қызмет саласындағы құқық бұзушылық әрекетін жасағандығы анықталды.
Сот құқық бұзушы К.-ге әкімшілік жаза тағайындауда құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында оған 25 /жиырма бес/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 49 550 /қырық тоғыз мың бес жүз елу/ теңге айыппұл салынды.