Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «ОV Orda» бұлтты бейнебақылау (облачное видеонаблюдение) жобасы қолға алынып отыр. Қазіргі таңда осы жоба аясында Қазақтелеком АҚ-ның қаржысы есебінен қаладағы тұрғын үйлерге видеодомофондар орнатылуда. Ерекшелігі, тұрғындар үшін мобильді қосымшалары жасалып, 7 күндік мұрағат сақтау мүмкіндігі бар. Абоненттік төлем әр пәтерге 300-500 теңге көлемінде қарастырылған. Бірінші кезеңде, былтырғы жылы қаладағы 2 көпқабатты (Астана мөлтек ауданы) тұрғын үй қосылған. 2 кезең бойынша - 91 көпқабатты (Сырдария, СПМК-70, Арай-2, Сұлтан Бейбарыс, Мерей мөлтек аудандары) тұрғын үй қосылды. 3 кезең бойынша - жыл аяғына дейін тағы 50 көпқабатты тұрғын үйді қосу жоспарланған.