Сырдария аудандық сотының қаулысымен Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің тұрғыны А. мас күйінде отбасы тыныштығын бұзған. Соның салдарынан әйелі екеуі сот алдында жүздесуге мәжбүр болды.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасап, әйелімен бітімгершілікке келуіне байланысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 71-1-бабының 1-бөлігінің негізінде әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, ол жөніндегі іс өндірістен қысқартылды.
Сот мәжілісінде істі қарау барысында құқық бұзушы А. алкогольмен мас күйінде өзінің тұрғын үйінде әйелі К.-ны. былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысын кемсітіп, жанұя тыныштығын бұзғандығы анықталған.
Сотта құқық бұзушы А. өзінің айыбын толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын көрсетті.
Сотта жәбірленуші К. өзінің күйеуімен бітімгершілікке келуіне байланысты А.-ны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрады.