Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғ. Отарбаевтың БАҚ өкілдеріне арналған брифингісі өтті. 
Брифинг барысында аталған департамент бастығы 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебін мәлімдеді. 
Сондай-ақ, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. 
Түрме реформасының «Сотталғандарды жұмыспен қамту-2017» екінші форумының мақсаты 2018 жылға дейін жұмысқа жарамды сотталғандардың 75 пайызын жұмыспен қамту белгіленген. 
Реформа негізінде, жергілікті атқару органдар мен бизнес құрылымдарымен бірлесіп атқарылған жұмыстар нәтижесінде қазіргі уақытта облыс бойынша сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету көрсеткіші 75,1 пайызды құрады. 
Түзеу мекемелерінде барлығы 10 кәсіпкер мекеменің өндірістік аймағынан өз кәсіптерін ашып (кірпіш зауты, тігін цехы, газоблок цехы, брусчатка, мүсін цехы, қолөнер цехтары, дәнекерлеу цехтары және қоян асырау), онда 9 айда орташа есеппен 196 сотталған жұмысқа орналастырылды. 5 сотталған жеке еңбек қызметімен айналысуда.
Алдағы уақытта, сотталғандар тарапынан жасалуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, толық жұмысқа тарту үшін ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағына табиғи газ кіргізіп, қосымша кірпіш күйдіру, әк және сабын шығару цехтарын ашу жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: