Бүгін 9 мамыр Ұлы Жеңіске күні. Осынау қасиетті де қасыретті мереке күні аралдықтар «Тағзым» алаңында боздақтар рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.
«Бүгін екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 71 жыл толды. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады. Бұл Жеңіс – бейбітшілік сүйгіш адамзат қауымының мерекесі.»-деген аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы мерекенің маңызына тоқталды.
Арал топырағынан сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласына аттанған аралдықтың 6000 мың жат жерде құрбан болды. Сондай-ақ Арал ауданынан 2 Кеңес Одағының батыры, 16 Социалистік Еңбек Ері шықты.
Міне, бүгін сол бір зұлмат соғыста ел мен жер үшін қасық қаны қалғанша Жеңісті жақындатуға үлес қосқан құрбандар рухына ұрпақтары бас иіп, тағзым етті.