Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Адамды соққыға жығып тонаған

Адамды соққыға жығып тонаған Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен сотталушылар Б. мен Р. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылды. "Олардың мүлкі тәркілеместен, 3 (үш) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды" деп хабарлайды Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі.  
Сотталушылыр Б. мен Р. адамдар тобының  алдын ала сөз байласуы бойынша өткен жылдың желтоқсан айында түнде дүкеннен 4 бөтелке сыра ішімдігін алып жәбірленуші Ж. сотталушыларға өзінің жалға алған пәтеріне барып ішімдік ішуге ұсыныс жасаған. Сөйтіп үшеуі жәбірленушінің үйіне барып ішімдік ішіп отырғанда жәбірленуші Ж. пен сотталушы Б. екеуі өзара сөзге келеді. Сотталушы Б. оң қолының жұдырығымен оның бетінен, мұрын тұсынан өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ұрып соққанда сотталушы Р. мойнынан қысып еденге жатқызып тастаған. Осыдан кейін сотталушылар Р. мен Б. адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бөтен мүлікті ашық ұрлауға тура бағытталған ниеттерін ақырына дейін жеткізген. Осылайша сотталушы Р. үлкен бөлмеде тоқ көзінде тұрған «Самсунг» маркалы 7 700 теңге тұратын ұялы телефонын иемденіп алған. Ал, сотталушы Б. қара түсті қол сөмкесін ақтарып қарап, ішінен 27 300 теңгесін ашық ұрлап, тонап, оқиға болған жерден бой тасалаған. Бірақ, олар алысқа ұзаған жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: