Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада Ассамблея мүшелері екпе салдырды

Қызылордада Ассамблея мүшелері және "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері екпе салдырды. 
Бүгінгі күні вакцина үшін елімізде барлық жағдай жасалып отыр. Екпе егу орындарында кезек күтудің де қажеті жоқ. Қазір инфекция жұқтырған науқастар күн сайын көбейіп жатыр. Осы вирустың кесірінен қаншама адам көз жұмды. Бұл орайда Ассамблея мүшелері мен мекеме қызметкерлері де екпе салдыру өте маңызды деп отыр.
"Өзіңді және жақыныңды қауіпті індеттен қорғаудың әзірге жалғыз жолы – вакцина салдыру. Сондықтан да өзіміз екпені ерікті түрде салдырдық. Ауырмайтын жол іздейік",- деді тіл жанашыры, "Абай қазынасына саяхат клубының" жетекшісі  Елена Пак
Айтып өтейік, вакцинаны салдырмас бұрын дәрігерлер әрбір адамның дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістен өткізеді. Екпе салдырғандардың арасында жанама әсер байқалмаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: