Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада бейнекамера арқылы бір аптада 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада бейнекамера арқылы бір аптада 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды. 


Қызылорда қалалық ПБ Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.  
Бір аптада 102 нөмеріне 993 хабарлама келіп түсті. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 870 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамауы) – 177 бұзушы, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) – 62 жүргізушіге, ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзуы) –1, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамауы-) бойынша 45 жүргізушіге әкімшілік хаттаматолтырылды.    Сонымен қатар, апта көлемінде бейнебақылау камераларының көмегімен екі қылмыс ашылды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: