Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді. Вирусты жұқтырған 11 адам ‒ Қызылорда қаласында, 17-сі ‒ Арал, 3-еуі ‒Жаңақорған аудандарында анықталды.
Олардың арасында ең үлкені 1939 жылғы әйел адам болса, ең кішісі 2016 жылы туған қыз бала.
ПТР анализдері 28 науқастан ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, 2 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде, 1 адамнан Атырау қаласынан келуіне байланысты алынған.
Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.
Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 402 адам тіркелген, олардың ішінде жазылып шыққандар саны 245-ке жетті.