Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дәрігерлер шампанның адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін айтты


Жаңа жыл түні бір рет шампан ішу адам денсаулығына әсер етпеуі мүмкін. Ал алкоголі аз бұл сусынды ұзақ уақыт бойы тұитыну қауіпті екені анық деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап.
"Бір ғана бокал шампан ішу айтарлықтай зиян емес. Бірақ, адамдар алкогольді ішімдік ішуден тия алмай, көп тұтынып қоюы мүмкін", -дейді медицина ғылымдарының докторы Алексей Умрюхин.
Сондай-ақ, ол әр адамға ішімдікке қаншалықты қарсы тұра алатынын білу керек дейді. Соған байланысты кез келген алькоголь тұтынушы шешім қабылдап үйрену керек.
Өз кезегінде Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық Федералдық аудан бойынша медициналық алдын алу жөніндегі маманы Екатерина Иванова алкогольдің қауіпсіз мөлшері жоқ екенін айтады. Адам көп ішкен сайын ағзасына үлкен зиян келеді.
"Әр адам өзі үшін шешім қабылдайды. Алкогольдің қауіпсіз мөлшері осы деп дөп басып айта алмаймыз. Біз тек мұндай сусындарды көп ішпеуге, тіпті, мүлде ішпеуге шақырамыз", -дейді Иванова.
Айта кетейік, бұл күндері сұлулық салондарына барып, кірпік жалғатып, бет-әлпетін жасататын қыз-келіншектер өте көп. Сұлулық - құрбандықты талап еткенімен, кірпік жалғатамын деп жүріп, көзіңізді биттетіп алуыңыз әбден мүмкін.
Косметика дүкендерінен тауар сатып алғанда да абай болғаныңыз абзал. Себебі, дүкендердегі косметика сынамаларында денсаулыққа зиян патогенді микроағзалар көп.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: