Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда қаласынан 5 науқас қатерлі індеттен емделіп шықты

Бүгін, яғни 15.05.2020 ж. сағат 13:00 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 5 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды. Індетті жеңген 5 науқас Қызылорда қаласынан емделіп шықты.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 188. (Кызылорда қаласы - 53, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 3, Қармақшы ауданы – 5, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 66, Жанакорған ауданы - 31).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: