Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында 2021 жылдың 13 қазан күні «СВЕТОФОР» төмен бағалар дүкені ашылды.
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, тойханалардың жұмысы тоқтап қалғаны баршамызға аян. Осы орайда үстіміздегі жылы ауылдағы жеке кәсіпкер М.Тілеулесов «Сембі» тойханасын, «Светафор» төмен бағалар дүкенін ашу мақсатында кәсіптік мақсатын өзгертті.
Жаңа сауда нүктелерінің ашылуы, сауда желілерінің кеңеюі — кәсіпорындардың бәсекелестігіне және экономикалық тұрақтылыққа сенімді дәлел. Сауда желілерінің дамуы азық-түлік тауарларына бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы инфляцияны реттеп, төмен деңгейде ұстауға оң ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, жаңадан 12 жұмыс орындары ашылып, ауылдың жұмыссыз азаматтары жұмыспен қамтылды.