Гиннесстің рекордтар кітабының 60 жылдығына орай Англия астанасы – Лондон қаласында мерекелік шара өткізілді. Оған кітапта көрсетілген рекордшылардың түгелге дерлігі қатысты.
Аталмыш шарада әлемдегі ең ұзын және және ең қысқа адамдар – түрік Сұлтан Кесен (Sultan Kosen) мен пепалдық Чандра Бахадур Данги (Chandra Dangi) жүзбе-жүз жолықты. Олар әлемдегі ерекше адамдар болып табылады. Сұлтан Кесен есімі кітапқа 2009 жылы жазылған. Бойының ұзындығы 251 сантиметр. Данди оған 2012 жылы енгізілген. Ол бар болғаны 64,6 сантиметр.